QazVac вакцинасын экспортқа шығару жұмысы басталып кетті – Цой

16 Маусым 2021, 13:16
4846
Бөлісу:
QazVac вакцинасын экспортқа шығару жұмысы басталып кетті – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны экспортқа шығару мәселесі туралы айтты.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцинаны өндіруді ұлғайтып, оны экспорттау мәселесін қарастыруды көтерген еді. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрі бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүріп жатқанын баяндады.


Қазақстандық вакцина ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие. QazVac вакцинасының танымалдығын арттыру мен оны көптеп өндіру ісі кезең-кезеңімен іске асады. Ол үшін өзге елдердің оны мойындауы және өз елінде тіркеуі қажет. Қазір бұл вакцинаны алуға ниет білдірген елдерді қарастырып жатырмыз. Оған қоса Жамбыл облысында вакцина өндіретін зауыттың құрылысы бітуге таяды. Ол іске қосылған соң өнімді өндіру күші артады, соның нәтижесінде ішкі және сыртқы сұранысты қанағаттандыра аламыз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы