Қордайдағы жағдай бойынша 59 адам жауапқа тартылуда

29 Мамыр 2020, 19:39
1569
Бөлісу:
Қордайдағы жағдай бойынша 59 адам жауапқа тартылуда
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР арнайы прокурорлары қызметінің басшысы Ризабек Ожаров брифинг барысында мәлім етті.

Осы жылдың 7-8 ақпанында Қордай ауданының 3 ауылында 2 мыңнан астам адамның қатысуымен жаппай тәртіпсіздік орын алған болатын. Нәтижесінде 11 азамат қаза тапты, олардың 10-ын өлтірген, 1 адам өртенген сауда үйі құлауы салдарынан қайтыс болған. 140 азамат және 20 полиция қызметкері әртүрлі жарақат алды. 164 тұрғын үй және сауда нысаны, одан бөлек 100-ден астам автокөлік бүлінді. 342 адам жәбірленуші деп танылды. 400-ден астам әртүрлі сот сараптамасы жасалды. 1,5 мыңнан астам адамнан жауап алынды, - деді Ожаров. 

Сонымен қатар, ол тәртіпсіздікті бастаушылардың және оған белсенді қатысушылардың екі тараптан да болғанын атап өтті. 

Қылмысты жауапқа 59 адам тарытлуда. Олардың арасында әртүрлі ұлт өкілдері, яғни қазақтар мен дүңгендер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қордай оқиғасы бойынша қылмыстық істерді тергеп, тексеру ерекше бақылауға алынды. Осы мақсатта бас прокурор арнайы ведомствоаралық тергеу тобын құрды.  Адам өлтіру, жаппай тәртіпсіздікке қатысу, полиция қызметкерінің өміріне қолсұғушылық, ұрлық, тонау, қарақшылық және мүлікті жою дерегі бойынша 29 істе тергеп жатырмыз,-деді ол.

Оның айтуынша,  Масаншы, Бұлан батыр және Ауқатты ауылдары тұрғындарының мүлкін қиратуға, өртеуге қатысқан тәртіпсіздерге қатысушылардың негізгі бөлігі жұмыссыз жастар. 

Олардың арасында адам өлтіру, қарақшылық, бұзақылық, тонау, зорлау үшін сотталғандар да бар. Тәртіпсіздік барысында атыс қаруын, "молотов коктейлі" деп аталатын жандырғыш қоспаларын, тасты және басқа да құралдар пайдаланылған. Күдікті адамдардың қатыстылығы куәлі айғақтармен, елдімекенде орналасқан бейнекамералармен және қасында болғандардың ұялы телефондарында түсірілген бейнежазбалармен расталады,-дейді Ризабек Ожаров. 

Сөз арасында ол, бостандықта жүрген 12 күдікті адамға жеке кепілгерлік түріндегі бұлтартпау шарасын таңдағандарын айтты. 

Қордай ауданының тұрғындары арасында сенімге лайық адамдар өздеріне сәйкес міндеттемені қабылдады. Кінәсін мойындап, тергеуге көмектескендері, қылмыс жасауда екінші деңгейлі рөлдегі адамдар, отбасылық және денсаулық жағдайы ескеріле отырып 8 адам қамаудан босатылды,-деді ол.
Өзгелердің жаңалығы