Бас жаңалықтар
Қорғалжын сапары. "Сұлтанкелдіге" сұлтан келген, "Асаубалықтың" балығы асау
PHOTO
14 Маусым 2020, 18:49 712

Қорғалжын сапары. "Сұлтанкелдіге" сұлтан келген, "Асаубалықтың" балығы асау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғалжыннан астананың іргесіндегі Бозоқ қалашығына дейін келуге жоспарланған сапардың екінші күні. Осы ретте сапар барысынан сыр шертетін жолсапар очеркі желісін жалғастырамыз.

Айта кетейік, жобаның басты мақсаты - биылғы коронавирус індеті жағдайында еліміздің ішкі туризмін насихаттау, Қазақстанның тарихи жерлерін таныстыру арқылы жылқы туризміне қызығушыларға мүмкіндік жасау. Атқа міну мәдениеті – қазақ халқының қанына сіңген, өмірлік серігіне айналған үрдіс. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар жасалып, GPS координатаға жаңа нүктелер түсірілетін болады

Біздің сапардың негізгі бастау алар күні.

2.JPG

Сергек ояндық.

3.jpg

Бүгін Самат Өкешұлының бастауымен Қорғалжын қорығының біраз жерін аралауымыз керек.

4.jpg 

Әр өңірдің өз тарихы бар. Мысалы, Қорғалжын қорғы - негізінен көлді аймақ.

Соған қарамастан көктеуі нашар екен. Жауын жаумағалы біраз болғаны көрініп тұр.

6.jpg 

Көлдердің атауы да қызық. Мысалы, қорықтың ең басында "Сұлтанкелді" көлі бар. Бір кезде Ақмолаға келе жатып Кенесары осы көлдің жағасына ат шалдырыпты деген аңыз айтылады.

7.JPG 

Ал "Сұлтанкелдіден" кейін жатқан - "Асаубалық" көлі. Саматтың айтуына қарағанда, "Асаубалық" - аты айтып тұрғандай, балығы ерекше асау болады деседі.

8.jpg 

"Асаубалықпен" астасып жатқан көлдің аты - "Қақай". Мұны естігенде мен елең ете қалдым. Себебі, қақай (гахай) - моңғол тілінен аударғанда "шошқа" не "қабан" деген ұғымды білдіреді. Осы ойымды Саматқа айтып едім, ол да таңырқады. Көл айналасындағы қамысты қопада қабан көп болады екен.

9.jpg 

"Қақай" көлінен кейінгі ірі көлдердің бірі – "Есей" көлі. Біз бүгін осы Есейдің жағасынан бастап Саматтың бізге арнап тіккен қара шаңырағы тұрған Шолақ көлдің жағасына дейін баруымыз керек.

10.JPG 

Атпен тіке жүрсеңіз, Есей мен Шолақтың арасы 30 шақырым. Алайда Самат бізге жер көрсетіп, тарихымен таныстыра жүруді мақсат тұтып, шамалы айналма жасады.

11.jpg 

Бір байқағанымыз, күздегідей емес, қазіргі кезде құс базары саябыр тапқан екен. Әлде қорықтың көркі болған Теңіз, Ұзынкөл, Ащыкөл мен Тұщыкөл жақта ма екен? Дидар мен Темірбек жол бойында кездескен тырнаның балапанын алақандарына алып, бір-бір суретке түсті.

12.jpg 

Таңғы астан кейін бірден атқа қондық.

Ақселеуі ат тізесін қаққан қазақтың кербез даласы. Көз жетер жерге дейін қарашығыңды қағар бұдыр жоқ.

14.jpg 

Самат Өкешұлының айтуына қарағанда, бір кезде бұл алқап шоғыр-шоғыр ауылдардың қонысы болған екен. Сол есте жоқ ескі заманның куәсі іспетті ескі молалардың төмпешіктері ғана жатыр.

15.jpg 

Есейдің жағасына келіп ат суарып, аз-кем аял жасадық. Жолбасшымыз бізді Есейді айналдырып, бір кездері әйгілі болған, қазір орындары ғана сақталған бірнеше саяжайға апармақ болды.

16.JPG 

Алайда экспедиция жетекшісі Берік Ақылбеков ағамыз күн кешкірмей Шолақтың жағасына жетіп алуды ескертті. Оның да өз себебі бар еді.

17.jpg  

Олай болса, "Каменкаға" барайық. Ақыры бір келген соң, көре кетіңіздер - деді Самат, өңірге "Каменка" деген атпен танылған, Нұра өзенінің Шолақ көлінен шығар сағасын меңзеп.

18.jpg 

Жігіттер бұл ұсынысты қолдады.

19.JPG 

Жолда Есейдің бір сағасы - сортаңнан өттік. Ат шашадан сор кешетін бұндай жер адамға жайлы болғанымен, аттар үшін қиын. Себебі, шашасынан сор кешкен ат тез болдырады.

20.jpg 

"Каменка" - өзен жағасында үйілген азын-аулақ тас екен. Нұраның арнасын кеңітіп, Шолақтан енші алғандай ылықси ағатын тентек тұстарының бірі.

21.jpeg 

Осы жерде түскі ас ішуге тоқтадық. Дала дастарқаны - ең керемет дастарқан. Сапарда жүргенде аңсайтының осы дала дастарқаны ғой.

Біз келгенде "Каменкада" балықшылар жүр екен.

23.jpg 

Нұраға зәкірмен қайық тоқтатып, балық аулаған демалушылар.

24.jpg 

Иен далада жүргенде ат байлаудың біраз қиындығы бар. Кейде екі-екіден айқастырып "қалмақша" байлаймыз. Өз басым қысқалау қазық темір алып жүремін. Алайда осы жолы оның ыңғайы келмеді. Каменкада аттарды "қоқыс тастауға болмайтыны" туралы ескерту бильбордтқа байладық. "ЧМО болмаңыздар!"

25.jpg 

Жоғарыда айтқанымыздай, айнала көл болғанымен, жердің көктеуі нашар. Сол себепті егіске мотор арқылы көлден су шығарып жатқан шаруашылықтарды көрдік.

26.jpg 

Түсқайта Шолақтың жағасындағы Саматтың шаңырағына да жеттік. Алғашқы күн болғандықтан, әзірге шаршау-шалдығу білінбейді. Ол жерде бізді Қорғалжын қорығының қызметкерлері күтіп алды.

27.JPG 

Әдеттегідей, әуелі аттарды жайғастырдық. Алыс жолдан келген аттың ерін бірден алуға болмайды. Айылын сәл босатып, арқасын желдетіп, қаңтарып қою керек.

 28.jpg

Шолақ көлінің жағасында сән-салтанатымен тігіліп, қасына алтыбақан құрылған алты қанат ақбозүйдің көркі көз тартады.

Ақорданың көркіне сән беріп, алыстан айбар берсін деді ме, экспедиция жетекшісі Берік Ақылбеков алтыбақанның екі басына екі туды қадап тастады.

30.JPG 

Ішке кіргенімізде дастарқан жайылып, қымызы сапырылып, дайын тұрғанын көрдік. Қайда барсаңыз да алдыңыздан ақ дастарқаны жайнап тұратын қазақы кеңдікті айтсаңызшы!

31.JPG 

Тамақтан соң жігіттер біраз фотосессия жасауды ұсынды. Әсіресе, мұндайда өзінің кәсібилігін танытқан Темірбек пен Дидар болды. Шатырларды тігіп, аттарды орналастырып, Мергенге домбырасын ұстатқан жігіттер шаршауды ұмытып, қызық іске қызу кірісіп кетті.

32.jpg 

Аттарды жайғастырып, күні бойғы жүрістен тер сіңген терлік пен тоқымды батар күннің алауына кептіріп, шалқасынан жайып тастадық.

33.jpg  

Ал жігіттер ақорданың алдына, Шолақ көлдің жағасына түнгі алаудың отын лапылдата бастады.

34.JPG 

Осы сәтте Самат Өкешұлы жақын маңда құрған ауын тексеріп келу үшін жігіттердің бірге жүруін өтінді. Көл жағасында қаңтарылған көк қайықтың сырын сонда ұқтық.

35.jpg 

Ертеңгі алыс сапарды ойша межелеп, киіз үйдің есігінен батар күнге көз тастап біз де ұйқыға жаттық.

Естеріңізге сала кетейік, Қорғалжын сапарының алғашқы күнінің жолжазбасын мына жерден оқуға болады.


Фото: автордан
Загрузка...