Қосшыда қайтыс болған адаммен байланыста болғандардан инфекция анықталып жатыр

30 Наурыз 2020, 16:45
2293
Бөлісу:
Қосшыда қайтыс болған адаммен байланыста болғандардан инфекция анықталып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған адамның бұған дейін Алматыда құдалықта болғаны айтылды. Қазір біз қонақта болған алты адамды тауып, оқшауладық, оның бірінен коронавирус анықталды. 

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте айтты.

Басқарма басшысы қазіргі уақытта адамдарды көптеп жинайтын ұлттық дәстүрлі жиындарды тоқтату қажеттігін айтты. Мұның бәрі инфекцияның кең таралуына жол ашады. 

Қалада коронавирустың таралуына жол бермес үшін қосымша шектеулер енгізіліп жатыр. Егер тұрғындар осы шектеулерді ескеріп, ережелерді орындайтын болса, болашақта бұл аурудың таралу деңгейі төмендейді. Біртіндеп біз ауруды ауыздықтауға мүмкіндік аламыз. Сондықтан қаланың тұрғындарын осы жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол Алматыда қала сыртынан келіп жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің саны 12 мыңнан асатынын, олардың көбі жатын орынмен қамтылғанын жеткізді. 

Қазір 8,5 мыңнан астам медицина қызметкері қалада жатын орындарымен қамтылған. Әсіресе, инфекциялық ауруханада, провизорлық стационарда жұмыс істейтін азаматтар тегін жатын орын мен тамақпен тегін қамтылған. Сонымен қатар, мекеме басшылары сұраныс жасаған жағдайда басқа да медицина мекемелерінің қызметкерлерін жатақханаларда, хостелдерде және қонақ үйлерде орынмен қамтамасыз ету қалалық штабпен қарастырылған, - деді Тілеухан Әбілдаев.

Өзгелердің жаңалығы