Бас жаңалықтар
Қазір қоймаларда 584 мың маска бар
25 Наурыз 2020, 18:29 1658

Қазір қоймаларда 584 мың маска бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бетперде өндірісінің көлемі туралы күнделікті есеп жүргізеді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

2020 жылғы 23 наурызында барлық масканың күнделікті көлемі 725 мың бірлікті құрады, оның 221 мыңын фармацевтикалық компаниялар тіккен, ал 504 мыңын – тігін компаниялары. Қоймаларда – 584 мың дана маска орналасқан.

Ақпарат медициналық бетперделерді сататын "СК-Фармация" ЖШС-не беріледі. Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімдерді елдің өңірлері бойынша таратады.

Дәкелі мен маталы бетперделер жергілікті билік органдарымен келісімшарт негізінде сатылады.

Бүгінгі күні медициналық бетперделер шығару бойынша жұмыстарды тәулік бойы отандық кәсіпорындар жүргізеді: "Dolce" ЖШС (Алматы облысы), "Super-pharm" ЖШС (Жамбыл облысы), "Mega Pharma" ЖШС (Жамбыл облысы), "Medical Active Group" ЖШС (Алматы қ.), "Мерусар" ЖШС (Павлодар қ.), "ТК-Фарм Ақтөбе" ЖШС (Ақтөбе қ.), - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бетперделер өндірісіне 70-тен астам тігін кәсіпорындары: "Dalatеx" ЖШС (Қызылорда қ.), "Большевичка" ЖШС (Қостанай қ.), "Эко-Фарм" ЖШС (Шымкент қ.), "Ас Фарм" ЖШС (ШҚО), "Тыныс" АҚ (Көкшетау қ.), "КазЛегПром" ЖШС (Алматы қ.), "Жанарыс" ЖШС (Маңғыстау обл.) және т.б. тартылды.

Тігін және фармацевтика кәсіпорындарын бетперде өндіруге арналған шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік "Azala Textile" ЖШС-мен бірге дәке өндірісін бастау туралы мәселені пысықтады. Бүгінгі таңда қуаттылығы тәулігіне 3,6 мың қума метр болатын 3 станок іске қосылды және жұмыс істеуде.

Өндірістік цикл мемлекетаралық стандартқа сәйкес жолға қойылған (ГОСТ 9412-93 Медициналық дәке).

Сонымен қатар, кәсіпорын тығыздығы төмен (бөз, миткаль) ағартылған мақта-маталы мата шығарады.

Бұл ретте, мақта-маталы маталардан көп рет пайдалануға арналған бет (қорғаныш) маскаларын өндіру және өткізу тіркеуді талап етпейді, себебі өнімнің осы түрі медициналық бұйым болып табылмайды және ЕАЭО ТР 019 "Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің объектілеріне енбейді.

Кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, егер өнім техникалық регламенттердің қолданысына түспесе, ұйым стандарты бойынша өнімді шығаруға және өткізуге құқылы.

Бүгінгі күні барлық фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарының қуаты толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн. данаға дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Отандық тігін кәсіпорындары медициналық бетперделер сияқты жұқпалы бөлшектерді бетпердені тасымалдаушыдан басқа адамдарға тікелей беру үшін кедергіні қамтамасыз ету ретінде профилактикалық қорғау мақсаттарында пайдаланылатын мақта-мата маталардан (дәке, бөз, миткаль) көп рет қолданылатын 4, 8, 16 қабатты маскалар шығарады. Сондай-ақ, бетперде тасушының бетін ірі шашыраудан қорғайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...