Қызылорда облысында 21 жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды

26 Қыркүйек 2020, 08:36
1776
Бөлісу:
Қызылорда облысында 21 жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 21 жылқыны қолды еткен ұры қолға түсті, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Таяуда өңірдегі Арал ауданы Тоқабай елді мекенінің тұрғыны полицияға арызданған. Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, соның нәтижесінде мал ұрлаған адам қолға түсті.

Күдіктіні Аралға көршілес Қазалы ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Қылмыстық істі ашуда криминалдық полиция қызметкерлері, полиция майоры Алмат Бердібеков, жедел уәкілдер – полиция аға лейтенанты Нұрбек Алмағанбетов және Мұрат Баймаханов белсенді әрекет етті. Оларға Арал ауданында 21 жылқысы қолды болған тұрғын Аралбек Байжақанов алғысын білдірді, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы