Қызылордада карантиндік шектеулердің әсерінен вирус динамикасы тұрақталып келеді 

12 Тамыз 2020, 14:36
1296
Бөлісу:
Қызылордада карантиндік шектеулердің әсерінен вирус динамикасы тұрақталып келеді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантиндік шектеулердің әсері Қызыорда өңіріндегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына, вирус динамикасының тұрақтануына алып келді. 

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, індет өршіген кезден бергі жағдаймен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны азайып, сауығып шыққандар қатары көбейді. 

Бүгінгі күні инфекциялық стационарда 51 адам ем алуда. Аудандардағы ауруханалар ішінен ашылған провизорлық стационарлар жабылуда. Мәселен, кеше Жаңақорған ауданының ауруханасынан соңғы науқас айығып шығып, үйіне оралды. Емдеу мекемелері жоспарлы қабылдауға қайта кірісуде.

Індетті өршітпеу мақсатында өңірде 6 компьютерлік томография жұмыс істеп тұр. Дегенмен, әлі де 2 аппаратқа қажеттілік бар. Дегенмен, рентген аппаратын алу бір ай ішінде 2 есеге өсті. Бұрын 22 аппарат болса, қазір 52 аппаратқа дейін жетіп отыр. Өкпені жасанды желдету аппараттары да қажеттілікке қарай алынған. Шілде айында аппарат саны 64 болса, жаңадан 53 өкпені жасанды желдету аппараты алынды. Тұрақты қолдау шараларының нәтижесінде аймақта барлығы 431 оттегі концентраторы, 896 оттегі баллондары бар. Ал өңірде 10 ПТР аппараты халыққа қызмет жасап, тәулігіне 1500 сынама анализ алуға мүмкіндік берді, - делінген хабарламада.

Вирусты болдырмауда дәрі-дәрімектің қорын жасақтау маңызды. Облыста барлық медицина мекемесі дәрілік заттармен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні қажеттілік есепке алынып, емдеу мекемелерінде 2 айға жетерлік қор қалыптасты. Ал, дәріханаларда 1 айға жетерлік қоры жасақталды.

Өңірде жедел жәрдем шақыртулары да азайды. Маусым айындағы шақырту санымен салыстырғанда бүгінде науқастардың қоңыраулары екі есеге төмендеген. Бұрын 2120 шақыру түссе, қазір шақырту 1001-ді құрап отыр. Демек, жүктеме төмендеді. Шектеу шараларының оң әсерінен стационарға жеткізілген адамдар саны 8 есеге қысқарды. Маусымдық көрсеткіш 450 болса, шілдеде 57-ге төмендеді. Жеке азаматтардың қауіпсіздікті сақтап, оқшауланып, қажетті ем-шараларын алуына ақпараттық түсіндірме жұмыстарының оң әсері тиді. Өңірде 24 сағат call-орталығы жұмыс жүргізіп, 161 мобильді топ құрылды. Біліктікті дәрігерлердің қатысуымен "Дәрігер сағаты" бағдарламасы ашылып, тікелей эфирде халыққа қажетті ақпарат ұсынылды. БАҚ пен әлеуметтік желіде 37887 материал, 220 брифинг өткен, - делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы апталық ахуалдың жақсаруына сәйкес медицина мамандары тұрғындардың карантиндік талаптарды сақтап, оқшаулану қағидасымен жүру қажеттігін сұрайды. Тек шектеулердің нәтижесінде ғана айыққандар саны көбейіп, вирус індетін түбегейлі жою мүмкіндігі болады.

Өзгелердің жаңалығы