Әр ақмолалықтың дауысы маңызды – қоғам қайраткері

3 Қазан 2020, 12:16
1139
Бөлісу:
Әр ақмолалықтың дауысы маңызды – қоғам қайраткері

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Родина» Агрофирмасы" ЖШС бас директоры, қоғам қайраткері Иван Сауэр «Nur Otan» партиясының ішкі партиялық сайлауы туралы өз пікірімен бөлісті.

Праймериз «Nur Otan» партиясының партия ішіндегі сайлауға қатысушыларды шешім қабылдау процесіне тартатындығымен, беделді, кәсіби, адал және мақсатты өкілдерді қолдайтындығымен де танымалдыққа ие болып отыр. Елімізде праймериз өзгеше сценарий бойынша өтуде. Бірқатар жаңалықтар енгізілді, алғаш рет электрондық дауыс беру қолданылады, - деп атап өтті Иван Сауэр.
Оның пайымынша, праймериз Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен партияны «қайта жаңғырту» бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты практикалық іске асырылуы болып табылады.
Барша әлем бастан кешіріп отырған қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, алдағы күндерге жоспарларымыз көп және біз болашағымызға сеніммен қараймыз. Праймеризге қатысушылар өзекті мәселелерді ашық түрде көтеріп, кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы керек. Ауыл және агроиндустрия өкілдері-ел халқының жартысына жуығы. Сондықтан біз қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмай, қарқынымызды арттыруды жалғастыруымыз қажет. Біз үлкен, ұйымшыл командамыз және тек біріксек қана елді жақсарта аламыз. Әр ақмолалықтың дауысы маңызды екеніне сенімдімін! - дейді Иван Сауэр.


Өзгелердің жаңалығы