Рафаэль Надаль US Open турниріне қатысудан бас тартты

8 Тамыз 2020, 18:48
1374
Бөлісу:
Рафаэль Надаль US Open турниріне қатысудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 тамыз күні үлкен теннистен US Open турнирі басталады. Алайда, көптеген танымал спортшы індет кезінде жарысқа қатысудан бас тартып отыр. 

Бұл туралы olimpic.kz сайты хабарлады.

Атап айтар болсақ, US Open турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль жарысқа қатысудан бас тартты. 

Сондай-ақ, 2016 жылғы жеңімпаз, швейцариялық Станислас Вавринка мен оның әйгілі отандасы Роджер Федерер де турнирден сырт қалмақ. Федерер жарақатына байланысты АҚШ-тағы жарысқа бара алмайды. Ал Вавринка коронавиурстен қауіптенеді.  

Қазіргідей кезеңде АҚШ-қа барғым келмейді. Нью-Йоркте коронавирус әлі де басылған жоқ. Карантинге қатысты да сұрақтар бар. Індет кезінде жарыс ұйымдастыру көп күдік тудырады, - дейді Вавринка.  

Әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, австралиялық Ник Кирьостар турнирден тыс қалмақ. 

Ұйымдастырушылар биылғы турнирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр. 

Өзгелердің жаңалығы