«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

30 Қыркүйек 2020, 19:35
6361
Бөлісу:
«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?
EX PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бір апта бұрын, дәлірегі 22 қыркүйекте «Рахат-Шымкент» фабрикасында қантты тәтті күлше шығаратын жаңа желі іске қосылды. Жалпы құны 3,2 млрд теңге болатын жаңа желіні іске қосуға «Даму Өндіріс» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 2,6 млрд теңге несие беріліпті. Несиенің пайыз мөлшерлемесі 6% екен. 

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Жаңа жобаны іске қосқаны үшін 180 млн теңге субсидия беріледі екен. Таяуда айтулы фабрикаға барып, 900-ге жуық адам жұмыс істейтін өндіріс орнын араладық. Айтпақшы, «қантты тәтті күлше» деп отырғанымыз - «печенье», иә, иә, балалар «пішінәй» деп айтатын тәтті дәм.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Атақты «Рахат» фабрикасының Шымкенттегі «Рахат-Шымкент» ЖШС 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Кондитерлік өнімдер шығарып жатыр. Шымкентте екі өндіріс орны бар. Біріншісі, Клара Цеткин көшесінде, екіншісі Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан. Екі өндіріс орнында барлығы 860 адам жұмыс істейді. Әр жаңа желі іске қосылғанда, жаңадан жұмыс орны ашылып, жұмысшылар қатары толығады.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Мәселен, күні кеше қантты тәтті күлше шығаратын желі қосылғанда 30 адамды жұмысқа алған. Жаңа желі 1 ауысымда жұмыс істеп жатыр. Жоспар бойынша, қарашада 3-4 ауысымға көшіп, тағы 100 шақты адам жұмысқа қабылданады екен. Шымкенттегі өндіріс орнын Жұлдыз Орынбайқызы Рахипбекова басқарады. 1998 жылы Алматы технологиялық университетін «инженер-технолг» мамандығы бойынша бітіріп, 1999 жылы «Рахат» фабрикасына жұмысқа қабылданған. 2018 жылы Шымкенттегі өндіріс орнына директор орынбасары ретінде жіберіліпті. 2019 жылы өндіріс орнының директоры лауазымына тағайындалған. Фабрика жұмысын да директоры Жұлдыз Рахипбекова таныстырды.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Қазір іске қосқан қантты тәтті күлше шығаратын жаңа желі – мүлдем жаңа өндіріс. Мұнда Италияның Polin компаниясының технологиялық жабдығы қойылған. Бұл технология – әлемдегі кондитер саласына арналған озық құрылғылар шығаратын компания саналады. Сапалы өнім шығарады. Қуаттылығы да жоғары. Нарықта қантты тәтті күлшеге сұраныс өте жоғары.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Қараша айында үш ауысымға ауыстырамыз, тағы 100 шақты жұмыс орны ашылады. Бізде жұмыс істейтін мамандарды №6 кәсіби-техникалық колледжде дайындайды. Сондағы студенттер бізде өндірістік іс-тәжірибеден өтеді. Оларды маман ретінде тәрбиелейміз. Жаңа жұмыс орны ашылғанда оларды жұмысқа аламыз, - дейді «Рахат-Шымкент» ЖШС директоры Жұлдыз Рахипбекова.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Жаңа желіде сағатына 1000 кг қантты күлше шығарып жатыр. Polin технологияның қуаттылығы сағатына 2000 кг өнім шығаруға жетеді екен. Жаңа іске қосылған желі болған соң бастапқы кезеңде осылай сағатына 1000 кг көлемнен бастап, бірте-бірте өсіріп, 2000 кг-ға жеткізеді екен. Жоспар бойынша айына 180 тонна қантты тәтті күлше шығарып, өнім көлемін айына 250-260 тоннаға дейін жеткізбек.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Нарықта қантты тәтті күлше жетіспеушілігі бар. Әсіресе, «Рахат» фабрикасының тәтті күлшелеріне сұраныс көп. Адамдар біздің өнімді іздейді.

Тәтті күлшені қазір үш түрлі: «Түркістан», «Сливочная», «Рахат» атау бойынша шығарып жатырмыз. Қарашада 8 атауға көбейтеміз. Джем қосылған, шахматты, түрлі дәмдер қосылған жаңа өнімдер шыға бастайды. Біз – өндіріс орнымыз. Алматыда үлкен технологиялық зертханамыз бар. Сонда әр өнімнің рецептісін жасайды, бізге жібереді. Сол рецептіден ауытқымай, дәмі мен түрін келістіріп, өнім шығару – біздің міндет. Отандық шикізатты пайдалануға ұмтыламыз. Мәселен, мына қазір шығарып жатқан тәтті күлшеміздің негізгі шикізатының барлығы өзімізде шығады, - дейді Жұлдыз Рахипбекова.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Қазір нарықта «Яблочко», «Детское» печеньелеріне сұраныс көп. Бұл печеньелер Жібек жолы көшесіндегі фабрикада шығарылады. Сұраныс жоғары болған соң ауысым саны да көбейеді.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Ең көп көлемде «Яблочко» печеньесі шығады. Балалардың бәрі білетін печенье. Қай балаға берсең де ұнайды. Тілі шықпаған, емшектегі балаға дейін ұнайды. Бренд печенье. Сұраныс өте жоғары. Қантты тәтті күлшелеріміз Қазақстанды қамтамасыз етіп жатыр. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан да тұрақты клиенттеріміз. Шет мемлекеттерден Германияға, Ауғанстанға жібереміз. Ең жиі сұрайтыны карамель, қалғанын біздің өз нарығымызға жеткізе алмай жатқан жайымыз бар. Қазір шығарып жатқан өнім көлемін тағы 100 пайызға ұлғайтсақ, сұранысты толық жабуға жететін шығар. Жаңа желіміз толық қуаттылығына көшсе, нарықты қамтамасыз етеді, - дейді Жұлдыз Рахипбекова.

«Рахат-Шымкент» фабрикасының барлығы алты өндіріс желісі бар. 52 түрлі атаумен өнім шығады. Жылына шығатын барлық өнімнің жалпы көлемі 24 мың тоннаға жетеді.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Мармелад, вафлидің үш түрі, карамель және қантты күлше шығаратын желілер бар. Бізде жаңа желі қосатын орындар, цехтар дайын. Сондықтан да өндірісті алға дөңгелетуге тырысамыз. Біздің инвесторлар мақсаты да Шымкенттегі фабрикасы көлемін ұлғайту, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, көпшілік сүйіп тұтынатын тәтті күлше, карамель, зефир, вафли шығару.

Біз өнім шығарамыз, оны сауда үйі алады. Сосын жан-жаққа таратады, - дейді өндіріс директоры.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?
«Рахат-Шымкент» фабрикасы әр жылы жаңа өндіріс желілерін іске қосуды жоспарлайды. Биыл, яғни 2020 жылы екі өндіріс желісін іске қосқан. Оның біріншісі – мармелад шығаратын өндіріс желісі наурызда жұмысын бастады. Жаңа желіні қосуға компанияның өз қаржысы жұмсалыпты. Ал мемлекет тарапынан 180 млн теңге субсидия берілген екен. Сол кезде де 30 адам жұмыспен қамтылған. Айына сұранысқа сәйкес 30-40 тонна мармелад шығарады. 2015 жылы тәтті күлше шығаратын желі, сосын вафли шығаратын желілер қосылған.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Наурызда мармелад желісін іске қосқанда, үкімет тарапынан 180 млн теңге субсидия берілді. Мұндай субсидияны жаңа желіге көмек ретінде береді. Ал кеше іске қосылған қантты тәтті күлше желісіне 2,6 млрд теңге жеңілдетілген несие берілсе, енді субсидия беріледі. Жалпы жаңа желіні қосқанда берілер 180 млн теңге субсидия екі транш бойынша аударылады. Бірінші транш аударылған соң, жаңа желі қалай жұмыс істеп жатқаны, жұмысшылар саны азаймағанын, өнім көлемі ұлғайып жатқанын қарайды. Бір жыл бойына тексереді. Ай сайын үкіметке есеп тапсырады. 1 жылдан кейін талаптан бәрін орындап, екінші траншын аламыз. Субсидия беру шарты осындай, - дейді Жұлдыз Рахипбекова.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Қатаң карантин кезеңінде Шымкент қаласына кірер-шығар жолдарға блокбекеттер қойылып, қаладан тыс тұратын тұрғындар қала аумағына кіре алмай қалды. Олардың арасында фабрика жұмысшылары да бар.

«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Міне, сол кезде фабрика басшылығы шешім қабылдап, олардың орнына уақытша қаладан жұмысшылар алыпты.

Сол кезде қалада жұмыссыз қалған 50 шақты адамды жұмысқа алдық. Олардың орнын солай алмастырдық. 1-2 ай уақытша жұмысқа алып, айлық төледік. Өз жұмыс орындары ашылғанша, блокбекеттер алынғанша жұмыс істеді. «Халыққа көмегіміз болсын» деп өндіріс жұмыс істеп тұрған соң, жұмысқа шақырдық. Көп адам келді. Бізге де көмек, оларға да көмек болды.

Өз жұмыс орындары ашылған соң, жұмыстан шығып кетті. Біз оларды дайын мамандар жанына көмекші етттік. Ал сол кездегі қатаң карантин сатылымға аз-маз әсер етті. Тәтті күлше өндірісіне еш әсер етпеді. Карамель, вафли сұранысы аздап төмендеді. Қазір сұраныс қалпына келді, - дейді Жұлдыз Рахипбекова.
«Рахат-Шымкент» фабрикасы қандай өнім шығарады?

Өзгелердің жаңалығы