Бас жаңалықтар
Рамазан айында  мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынамыз – Абаев
03 Сәуiр 2020, 18:09 131

Рамазан айында мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынамыз – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте рамазан айы қалай аталып өтілетінін айтты.

Сәуір айында біз үшін маңызды бірқатар діни мейрам келе жатыр. Атап айтқанда, Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқа мерекелер аталып өтеді. Сөзсіз, олардың барлығы көптеген азаматтар үшін үлкен маңызы бар. Біз дін ұстанушы азаматтарымыздың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруде. Сол үшін көптеген елдер эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізуде, - деді Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға уақытша тыйым салынған.
Себебі бұл діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, туыстарымен, жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады, одан да басқа әртүрлі мәдени-көпшілік шаралар болады.Қазіргідей күрделі уақытта адамның денсаулығы мен амандығы маңызды. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды, - деді министр.
Осы ретте министр барлық діни және этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырды.
Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізуге ұсынамыз, - деді Дәурен Абаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...