Ресей тауарларынан коронавирус шыққаны дәлелденді

26 Қыркүйек 2020, 14:05
2129
Бөлісу:
Ресей тауарларынан коронавирус шыққаны дәлелденді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың кедендік органдары Ресей елінен келген тағамдар мен олдардың қаптамасынан коронавирус инфекциясын анықтаған. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Тест вирустың оң нәтижесін көресткендіктен, Қытай билігі төрт аптаға Ресейден екі жүк кемесімен келетін тауарлар импортын тоқтатты. Кемелер негізінен Қытайға балық өнімдерін жеткізген. 

Бұған дейін Қытайдың Чанчунь қаласында мұздатылған балық өнімдерінің қаптамасынын коронавирус анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Соңғы сынамалар бұл ақпараттың рас екенін дәледеді. Инфекцияның таралуын алдын алу орталығы бірден сынама алған болатын. Қала билігі тауармен жұмыс істеген барлық қызметкерлерді медициналық бақылауға алды.

Өзгелердің жаңалығы