Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны көбейе бастады

30 Мамыр 2020, 17:39
1410
Бөлісу:
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны көбейе бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны соңғы екі күнде қатарынан артып келеді. Өткен тәулікте 8952 адамнан коронавирус табылған. 8212 адам жазылып шықса, 181 адам қайтыс болған. Бұл туралы 30 мамырда коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Эпидемия басталғалы бері Ресейде ресми мәлімет бойынша, 393 575 адамға вирус жұққан. 167 469 адам жазылған. Қазір 224 551 науқас бар. Барлығы 4555 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 10 млн 300 мың тест жүргізілген. Сарапшылардың айтуынша, тестің басым бөлігі коронавирус табылған науқастардың денсаулығын бақылауға жұмсалуы тиіс. Үкімет мұны жоққа шығарып, негізінен жаңа науқастардың тест тапсыратынын айтады.

30 мамыр күнгі мәлімет бойынша, әлемде 5,9 млн адамға вирус жұққан. 365 мың адам қайтыс болған. 2,4 млн адам жазылған.

Өзгелердің жаңалығы