Ресейде шілдеден бері алғаш рет коронавирус жұқтырғандар 6 мыңнан асты

20 Қыркүйек 2020, 08:40
974
Бөлісу:
Ресейде шілдеден бері алғаш рет коронавирус жұқтырғандар 6 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Ресейде COVID-19 жұқтырған 6065 науқас анықталып, 144 адам қайтыс болды. Ал 5255 адам ауруханадан шығарылды. Бұл туралы журналистерге инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Осылайша, күнде инфекциямен тіркелетін науқастардың саны 19 шілдеден бері алғаш рет 6 мыңнан асып отыр. Бір күн бұрын 5905 жұқтыру дерегі анықталған, өсу қарқыны тәулігіне – 0,5%. Жаңа жағдайлардың ішінде 1460 адамда (24,1%) ауру симптомсыз. Вирусты ең көп жұқтырғандар Мәскеуде анықталды – 825 адам. Тағы 212 жағдай Санкт-Петербургте, 180-і Ростов облысында тіркелді. Пандемия басталғаннан бері Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 097 251-ге жетті, 19 339 адам қайтыс болды, 906 462 адам сауығып шықты, - делінген хабарламада.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырған 30 миллионнан астам адам бар, 943 мың адам қайтыс болды. Ең көп вирус жұқтырғандар АҚШ-та – 6,5 миллион науқас. Инфекцияға сезімтал 10 елдің қатарына Үндістан, Бразилия, Ресей, Перу, Колумбия, Мексика, Оңтүстік Африка, Испания және Аргентина кіреді.

Өзгелердің жаңалығы