Ресейде Жайық өзенінің экожүйесін сақтау мәселелері талқыланды

10 Желтоқсан 2019, 18:28
15892
Бөлісу:
Ресейде Жайық өзенінің экожүйесін сақтау мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан қаласында ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің, сондай-ақ Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің бірлескен отырысы өтті. 

Отырысқа қатысушылар Орталық Азия аймағындағы қазіргі жағдайды, атап айтқанда халықаралық парламенттік ұйымдардағы жұмысты үйлестіруді, Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі инфрақұрылымды дамытуды, Жайық өзенінің экожүйесін сақтау мәселелерін, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды талқылады.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары аймақтық ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары мен өзара қарым-қатынастың барлық бағыттарындағы әріптестікті кеңейту жоспарларын белгіленгенін атап өтті.

Сенатор аймақтағы көрші елдермен жан-жақты және өзара тиімді байланыстарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының басымдығы болып табылатынын, таяуда екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Омбы қаласында өткен өткен форумның қорытындысы оған дәлел екенін атап өтті.

Комитет басшысы сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделген тығыз тату көршілік қарым-қатынастарын қалыптастыруға ұмтылу мен өңірдегі өзекті мәселелерді шешуде бірлескен күш-жігерді үйлестіруді белгілегенін атап өтті.

Бірлескен отырысқа Қазақстан тарапынан сенаторлар Төлеубек Мұқашев, Қайрат Қожамжаров, Талғат Мұсабаев, Дана Нұржігітова және Нұржан Нұрсипатов қатысты.

Өзгелердің жаңалығы