Ресейдегі жарқанаттардан коронавирус анықталды

29 Қазан 2020, 16:47
1599
Бөлісу:
Ресейдегі жарқанаттардан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Роспотребнадзор мамандары Ресейдегі жарқанаттардан коронавирус тапқан. 

Бұл туралы lenta.ru жазды. 

Роспотрепназдор ғылыми зерттеу институтының бөлім басшысы Анна Сперанскаяның айтуынша, вирустың қай типке жататыны зерттелуде. Сонымен қатар жарқанаттардан коронавирустен өзге де көптеген вирус анықталған.

Алайда сарапшы ресейлік жарқанаттардың адамзат баласы үшін түрлі инфекциялық аурулардың тасымалдаушысы болатын өзге жабайы жануарлардан қауіпті емес дейді.

Бұған дейін зоология және биология кафедрасының мамандары Ресейдегі жарқанаттардың вирус тасымалдау ықтималдығы туралы пікір білдірген болатын. Биология ғылымдарының кандидаты Илья Артюшин коронавирустың жүздеген түрі бар, оның тек санаулысы ғана адам өміріне қауіп төндіретінін айтқан. Сондықтан олар жануарлар әлемінің дәл осы вирусына адамзат баласының шалдығу ықтималдығы төмен дегенді алға тартып отыр

Өзгелердің жаңалығы