АҚШ-қа Қытай және Ресеймен "дос" болған тиімді – Трамп

20 Қаңтар 2020, 11:08
2286
Бөлісу:
АҚШ-қа Қытай және Ресеймен "дос" болған тиімді – Трамп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық көшбасшы басқа елдер АҚШ-ты өз мүдделеріне пайдалануға мүмкіндік бермеу керектігін айтты.

Америка құрама штаттарының президенті Дональд Трамп Вашингтонға Мәскеу және Бейжіңмен жақсы қатынас сақтау тиімді екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол жексенбі күні Техас штатында америкалық аграрлық сектор өкілдерінің алдында сөз сөйлегенде хабарлады, деп жазады Successful Farming.

Дегенмен басқа елдерге АҚШ-ты өз мүдделеріне пайдалануға жол бермек керек - дегенді атап өтті.

Қытаймен жақсы қатынаста болу – жақсы, Ресеймен де жақсы, басқа көптеген елмен де. Бірақ бізді өз мүдделеріне пайдаланғандарын қаламаймыз,  − деді Трамп.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазір Бейжің Вашингтонды сыйлайды және Америка ауыл шаруашылығының өкілдері Қытаймен сауда келісімі арқылы көп пайда табады. 

Айта кетсек, 15 қаңтарда Трамп пен Қытай вице-премьері Лю Хэ елдер арасындағы сауда келісімінің алғашқы фазасына қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы