Бас жаңалықтар
Ресми: Қазақстанда 1 маусымнан бастап барлық блок-бекеттер алынады
29 Мамыр 2020, 15:02 314

Ресми: Қазақстанда 1 маусымнан бастап барлық блок-бекеттер алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан бойынша барлық блок-бекеттер маусымнан бастап алынады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрғасының орынбасары Жәнібек Тайжанов айтты.

Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыт бойынша маршрут жүреді. Онда 610 автобуспен 88 тасымалдаушы жұмыс істейді.

Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымдағы қалалар арасындағы блок-бекеттерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес 5 маусымнан бастап тасымалдауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жолаушыларды автобуспен тасымалдау кезіндегі тасымалдаушылардың жұмысының тиісті алгоритмі 2020 жылғы 10 мамырдағы бас дәрігердің талаптарын ескере отырып әзірленді. Онда маршруттың соңғы аялдамаларында автобустарды дезинфекциялау, салон ішіне тек маска киген жолаушыларды кіргізу, кемі бір метр ара қашықтықты сақтау талаптары бар. Жүргізушілердің уақытылы маска және қолғаптарын ауыстыруды қамтасыз ету міндеттелген.

Өз кезегінде әкімдіктер көлік процесіне қатысушыларды жолаушылар тасымалы кезінде коронавирустық инфекцияның алдын алудың тиімді шарасы бола алатын алгоритмге сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды, - деді Жәнібек Тайжанов ОКҚ-да өткен брифингте.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...