Бас жаңалықтар
Рейс. Қазақстанға 140-қа жуық анықтамасыз жолаушы келді
26 Қаңтар 2021, 13:40 162

Рейс. Қазақстанға 140-қа жуық анықтамасыз жолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.2021 жылдың 25 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2021 жылғы 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 

794 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 657 адам, анықтамасыз 137 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 220 жолаушы, анықтамамен - 212; анықтамасыз - 8; 

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 428 жолаушы, анықтамамен - 303, анықтамасыз - 125;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз - 4.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 24 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 695 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...