Бас жаңалықтар
Резервтің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалды
27 Қаңтар 2020, 17:09 2466

Резервтің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Шымкент қаласында Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпаздары жаңа қызметке тағайындалды. 

Қала әкімінің өкімімен Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Компаниец Сергей Евгеньевич кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сергей Евгеньевич 1986 жылы туылған, білімі жоғары. 2009 жылы "Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша Басқару институтын бітірген.

2016 жылы Джордж Вашингтон университетінің ақпараттық жүйелер мен басқару технологияларының магистранты дәрежесін алған.

2011 жылы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша академиялық инновациялық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын ҚР "Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпараттық-тестілеу орталығы" мемлекеттік мекемесінде жүйелік инженері, орталық директорының орынбасары, содан кейін директоры болып қызмет атқарған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің Кеңсесі "Алмас" мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, "Учет Онлайн" ЖШС жобаларды басқару жөніндегі директоры және Шымкент қаласы әкімінің аппаратында ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы болып қызмет етті. Бұдан бөлек, "Shymkent" ӘКК төрағасының орынбасары болған.

Олжас Шынтаев.jpeg

Президенттік кадр резервінің тағы бір мүшесі Олжас Шынтаев кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып  тағайындалды.

Олжас Шынтаев 1990 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры- есеп және аудит. Орыс, ағылшын, қытай тілдерін меңгерген. Қазақстан Республикасы туризм индустриясының үздік,ТМД Халықаралық достастық сыйлықтарының лауреаты.

Еңбек жолында "Ортон" ЖШС-нің менеджері, ОҚО туризм индустирясын дамыту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ОҚО индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы, "Ontustik tourism center" КМК директоры, Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы, Qazaq Geography Республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Фото: дереккөз
Загрузка...