Резников еркін күрестен Қазақстан чемпионатына қатысуға ниетті

1 Қазан 2020, 23:17
1199
Бөлісу:
Резников еркін күрестен Қазақстан чемпионатына қатысуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ММА файтері Артем Резников 2020 жылғы еркін күрестен Қазақстан чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы күрес федерациясының инстаграм парақшасында хабарланды.

Бұл шешім коронавирус себебінен ММА-да үзілістердің ұзаққа созылуына байланысты қабылданған.

Резников олимпиадалық салмақта (74 келіге дейін) бақ сынағысы келеді. Чемпионат 23-30 қараша аралығында Ақтөбеде өтеді деп жоспаланған.

Естеріңізге сала кетейік, 28 жастағы Резников 19 қыркүйекте өткен ACA 111 турнирінде сәтті өнер көрсетті. Артем Мәскеуде өткен кеште жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы ресейлік Юсуф Раисовты (16-2) жеңді.

Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан құрамасында 74 келіге дейінгі салмақтың көшбасшысы Данияр Қайсанов. Ол - әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы.

Өзгелердің жаңалығы