Риддердегі өрт сөндірілді

11 Мамыр 2021, 10:04
1482
Бөлісу:
Риддердегі  өрт сөндірілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Құтқарушылар Риддер маңындағы Лесхоз аулында болған алапат өртті сөндірді,  деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, өрт 11 мамырда таңертең сағат 7.00 шамасында сөндірілген.

Құтқарушылар Лихачев көшесіндегі 10 тұрғынды эвакуациялады. Орман аумағында өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта өртеніп жатқан орманның аумағы - 310 гектар. Қосымша көмек ретінде Нұр-Сұлтан мен Павлодардан «Авиациялық орман күзетінің» екі тікұшағы жіберілді. 17 500 текше метр су құйылды, - деді ТЖД өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Риддердегі шөптен шыққан өрттен 35 үй өртеніп, бір адам қаза тауып, екі адамды күйік шалғанын жазған едік.   
ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны жұмыс істеуде. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар зардап шеккендермен  жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ,  ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Вице-министр Риддерге аттанған болатын, кейін полиция күдіктінің табылғанын хабарлаған болатын.

Облыс басшысы Даниал Ахметов өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана алады деген еді.


Өзгелердің жаңалығы