Бас жаңалықтар
Римде коменданттық сағатқа қарсы наразылық шеру өтті
25 Қазан 2020, 22:38 138

Римде коменданттық сағатқа қарсы наразылық шеру өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коменданттық сағат басталар алдында Римның орталық алаңында 200-де адам жиналып, жүріс-тұрысын шектейтін тәртіпке қарсы наразылығын білдірді.  

Алғашында бейбіт басталған бұл шараның соңы полициямен қақтығысқа ұласып кетті. Шерушілер тәртіп сақшыларын тас пен петарда лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеген. Осындай тәртіпсіздік елдің оңтүстігіндегі Неаполь қаласында да болды. Жерігілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл қалада он шақты шеруші қамауға алынды. Қақтығыста екі полицей жарақат алды. 

Еске салып кетсек, қазанның жиырма үшінен бері Рим қаласы мен астаналық өңірде коменданттық сағат тәртібі күшіне енді. Сағат түнгі он екіден бастап таңғы сағат беске дейін көшеге шығуға тыйым салынды. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...