Роллан Сейсенбаевтың "Фараби" атты 7 томдық жинағы жарық көрді

14 Ақпан 2020, 15:45
2884
Бөлісу:
Роллан Сейсенбаевтың "Фараби" атты 7 томдық жинағы жарық көрді
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық кітапханадағы "әл-Фараби" ғылыми орталығында белгілі жазушы, драматург Роллан Сейсенбаевтың "Фараби" атты 7 томдық жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.


Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбеков өзінің құттықтау сөзімен ашты.

Жинақ ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы аясында жарық көрген.  Сонымен қатар, Халықаралық "Абай" клубының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Әлем халықтары әдеби университетінің қолдауымен шығып отыр.

фара1.jpeg

7 томдықтың І-томы: Қайырымды қала, ІІ-томы: Философиялық трактаттар, ІІІ-томы: Әлеуметтік-этикалық трактаттар, ІV-том: Музыка туралы үлкен кітап, V-том: Ғылым туралы кітап, VI-том: Ой-сана туралы кітап және VІІ-том: Ұстаздың оралуы деген тақырыппен жарық көрді.
Роллан Сейсенбаев бұл кітаптарды студенттерге, жалпы жас оқырмандарға арнап ұғынықты тілмен жазғанын айтады.
Себебі бұл философиялық еңбектерден тұратын кітап. Оны оқу, түсіну өте ауыр. Оны тек жас келе түсінесің. "Фараби" жинағы құнды дүние. Жастарға және кейінгі ұрапаққа берері мол қазына,– дейді автор.
фара2.jpeg

Шара аясында мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Алматы қаласы әкімдігінің кеңесшісі Данияр Абзалиденұлы тағы басқа қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері Әбу Насыр әл-Фарабидің даналығына тоқталып, "ФАРАБИ" 7 томдығының қазіргі қоғам мен болашақ үшін қаншалық құнды екендігін айқындап,  Роллан Шәкенұлына алғыстарын білдірді.

фара3.jpeg

Өзгелердің жаңалығы