Әртістік жүзу спортшылары арасында виртуалды жарыс өтті

1 Тамыз 2020, 20:50
1330
Бөлісу:
Әртістік жүзу спортшылары арасында виртуалды жарыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық су спорты түрлері федерациясы әртістік жүзу спортының шеберлері арасында виртуалды жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

 "Artistic Swimming Virtual Challenge" додасы төрт санат бойынша өтті. 

Олар: 12 жас және одан жоғарылар, 13-15 жастағы спортшылар, жастар және ересектер. 12 және одан жоғары жабстағы балалар арасындағы санаты бойынша қазақстандық жүзуші Мақпал Қалмұрзаева сынға түсті. Нәтижесінде, Мақпал 32 қатысушы ішінен 5-ші орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, Мақпал Қалмұрзаева Алматы қаласында әртістік жүзу бойынша сабақ алады.
Өзгелердің жаңалығы