Үржарда Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды

28 Қыркүйек 2020, 14:08
2849
Бөлісу:
Үржарда Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шығыс - Адалдық алаңы» жобасы аясында Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы бойындағы сауда үйінің қабырғасына Шәкәрім Құдайбердіұлының бейнесі салынды.

Муралда ақынымыздың «Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды» деген қанатты сөзі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.

Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік және сатылмаушылық қағидаларын сіңіруге арналған.
«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі азаматтарды жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырады. Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы