Сәрсенбіде төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

11 Желтоқсан 2019, 07:28
2726
Бөлісу:
Сәрсенбіде төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбідееліміздің төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қарағанды және Теміртау қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы