Сәтбаевтағы жағдайға қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды – министр

24 Шілде 2020, 11:13
2800
Бөлісу:
Сәтбаевтағы жағдайға қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды – министр

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сатпаев қаласының Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етті, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды, - деді министр. 
Ол атап өткендей, бұл оқиға бойынша бірнеше бап бойынша қылмыстық іс тіркелді. 
Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды. Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, жалған ақпараттарға сенбеңіздер! Және оны таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сенініздер! Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаев қаласында бала ұрлығына қатысты күдікті ұсталғандығы туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек шыққан болатын.
Өзгелердің жаңалығы