Сәуірдің басы жауын-шашынды болады

1 Сәуір 2020, 08:25
1870
Бөлісу:
Сәуірдің басы жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 1 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп болжайды. Тек шығыста және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Жекелеген өңірлерде тұман күтіледі, екпінді жел тұрып, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай ойнайды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің екпіні күндіз 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді.

Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы