Сақтық шаралары сақталмаса, қоғамдық көлік қайта тоқтауы мүмкін

17 Мамыр 2020, 14:15
2411
Бөлісу:
Сақтық шаралары сақталмаса, қоғамдық көлік қайта тоқтауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы City Transportation Systems компаниясы тұрғындар санитарлық нормаларды сақтамаса, қоғамдық көлік қызметі қайта тоқтауы мүмкін екенін мәлімдеді.

CTS компаниясының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова коронавирус инфекциясының таралуы әлі де сейілмегендіктен қоғамдық көлікте жүру қаупі бар екенін айтты.
12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қатынай бастады. Әзірге желіде - қалалық бағыттар ғана жүріп жатыр. Автобус жүргізушілері қауіпсіздік шараларын сақтауда, маска тағып, қолғап киеді және антисептик қолданады. COVID-19 жұқтыру қаупі әлі сейілмегендіктен, жолаушыларды қоғамдық көлікте бетперде тағып жүруге шақырған едік. Өкінішке қарай, барлығы ережені бір адамдай сақтай бермейді, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол  №1 автопарктің бір қызметкері ауырған адаммен байланыста болғандықтан 27 наурыздан 16 сәуірге дейін карантинге жабылғанын айтты. 
Егер де жағдай тағы қайталанса, қоғамдық көлік түгелімен тоқтауы мүмкін. Сол себепті елорда тұрғындарын өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына бей-жай қарамай, санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз, - деді Оксана Лоскутова.

Өзгелердің жаңалығы