Сағынтаев: Алматының Мәскеуден үйренері бар

15 Қараша 2019, 16:24
2514
Бөлісу:
Сағынтаев: Алматының Мәскеуден үйренері бар

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мәскеу үкіметінің министрі, сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Череминді қабылдады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

С. Черемин Алматыға Мәскеудің Мәдениет күндеріне Ресейдің астанасынан келген делегацияны басқарады. Кездесу барысында министр дамудың қалалық бағдарламаларын, қоғамдық кеңістікті өзгертудің, денсаулық сақтау мен білім саласындағы реформаларды жүзеге асырудың тәжірибелері туралы айтты.

Сонымен қатар, қонақ тұрғын үй қорын, көлік инфрақұрылымын модернизациялау және коммуналдық шаруашылықты цифрландыру, мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

су2.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы басқару жүйесіне жаңа технологиялар мен инновацияны енгізуде Мәскеудің даму тәжірибесінің ұтымды екенін атап өтті.
Біздің қалаларда ынтымақтастықты және денсаулық сақтауды, білімді, көлік инфрақұрылымын, ТКШ және цифрландыруды модернизациялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуда жақсы перспективалар бар, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар ол, Мәскеу сияқты Алматының да орталықтандыру бойынша дамитынын атап өтті. Алматыда "шетсіз қала" қағидасы бойынша тұратын жеріне қарамастан жайлы өмір сүру және әлеуметтік қызметтерді алу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.


Өзгелердің жаңалығы