Бас жаңалықтар
Садриддин Ахмедов 7 желтоқсанда шаршы алаңға шығады
03 Желтоқсан 2019, 17:25 9014

Садриддин Ахмедов 7 желтоқсанда шаршы алаңға шығады

Нұл-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабындағы оныншы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы мен WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері келесі жекпе-жегін 7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос (12-5-2, 7 КО) болмақ. Бірінші орта салмақта өтетін кездесу 10 раундқа жоспарланған. Жекпе-жекті "Хабар" телеарнасы тікелей трансляциядан 8 желтоқсан күні таңғы 7:00-де көрсетеді.

Кештің басты жекпе-жегінде Давид Лемье (40-4, 34 КО) — Макс Бурсак (35-5-2, 16 КО) жұдырықтасады.

Садриддин Ахмедов жеңіс сериясын жалғастыруға тырысса, ал Хосе Антонио Вильялоблос оның мансабындағы алғашқы жеңілістің дәмін таттыруға тырысып көрмек. Ахмедов — тума талант, ол өзінің шеберлігі мен күш-қуатымен танымал ең мықты боксшылардың бірі. Бұл жекпе-жекте "Q сарбазы" мен "Цунамидің" теке-тіресін көресіздер, - деп жазды EOTTM. 

 Айта кетейік, Садриддин Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді.  "Қазақ сарбазы" деген лақап атпен танылып келе жатқан Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізді. Cегіз қарсыластарын уақытынан бұрын ұтып шықты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...