Бас жаңалықтар
Сағынтаев Алматының экологиялық мәселесі туралы айтып берді
24 Қараша 2020, 10:54 176

Сағынтаев Алматының экологиялық мәселесі туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің онлайн отырысында Алматы қаласының экологиялық ахуалы жайында баяндады.

Алматы қаласының экологиялық проблемалары бәрін алаңдатады. Осы проблеманы шешу үшін бірқатар шара атқарылып жатыр. Оның ішінде ең ауқымдысы ТЭЦ-2-ні көмірден газға ауыстыру мәселелері. Қазан айында осы жобаны қаржыландыру мәселесі шешімін тапты. Осы ретте Алматы қаласының жұртшылығы атынан Сізге алғыс айтамыз, - деді Алматы әкімі.

Ол енді ТЭЦ-2-нің шығаратын қалдықтары 38 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін төмендейтін болады. 

Бұл Алматы қаласының ауасының болашақта тазаруына көп септігін тигізеді. Жоспар бойынша 2025 жылы 8 блоктың бәрі айналысатын болады. 2021 жылы негізгі құжаттары техникалық дайындалып, 2022 жылдан бастап әр жылда екі блоктан, яғни 4 жылда 8 блоктың жұмысы аяқталатын болады, - деп атап өтті әкім.

Алматы қаласының аймағындағы Алматы облысының аудандарында орналасқан үшінші ТЭЦ мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Жеке секторда газдандыру мәселесі қала бойынша 99%-ті қамтиды. 1 800-дей үй газбен қамтамасыз етілмеген. Олардың магистральды құбырлары жоқ. Біз Халық Банкпен келістік. Банк тұрғындарға 1,5 жылға 0%-пен несие береді. Ал тұрмысы нашар отбасыларға әкімдік демеушілерді тарта отырып, газбен қамтамасыз етілмеген үйлерді 2021 жылы толығымен аяқтайтын боламыз, - деді жасалып жатқан жұмыстар жайында ол.
Бақытжан Сағынтаев қаладағы көліктер санына да тоқталды.
Қалада 530 мың көлік тіркелген. Ал күнделікті қалаға кіретін көлік саны 250 мың. Демек, 250 мың кіреді, 250 мың қайта шығады. Осы себептен Алматы қаласының транспорттық стратегиясын дамыту мақсатында қоғамдық көлікке ауыстыру шарасы жүргізіліп жатыр. 1 қаңтардан бастап дизельдік автобустарды сатып алуға тыйым салынған. Осы жылдан бастап тек қана газбен жүретін автобустар сатып алынып жатыр. Олар тек қана әкімдікке тиелі автобустар ғана емес, сонымен қатар жеке компаниялар да газбен алып жатыр, - дейді әкім Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, қала әкімі Медеу-Шымбұлақ бағыты бойынша таксилерді газбен ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...