Сағынтаев пандемия кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты

2 Сәуір 2021, 13:13
1071
Бөлісу:
Сағынтаев пандемия кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте бизнес қоғамдастықты қолдау мақсатында кешенді шаралар дайындалғанын айтты.

Оның айтуынша, бұл қолдау шаралары бизнес өкілдері мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге талқыланады. Өңірлік және қалалық Іскерлік кеңестердің отырыстарында коммуналдық төлемдер, жұмыс істемеген кездердегі жалдау ақысы бойынша қарыздарды жою шаралары ұсынылды.

Кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі дайындалған іс-шаралар пакеті орта кәсіпкерлік шығындарда, коммуналдық төлемдерді толық субсидиялауды, қоғамдық жұмыс орындарын құруды, мемлекеттік және квазимемлекеттік мүлікті жалдаудан босатуды, базарлар мен ОСО-да орын жалдаушыларына жалдау ақысының 30%-ын субсидиялауды қарастырған, - деді әкім. 

Сонымен қатар республикалық деңгейде бірқатар қолдау шарасы дайындалды. Бұл жұмысы тоқтаған бизнес салаларының салықтан, төлемдерден, қызметкерлерге әлеуметтік төлемдерді беру, несиелерді төлеу кейінге шегерілді.

Сондай-ақ, ол қаладағы сауда-саттық орындары жабылғанымен, жұмысын тоқтатпаған қала сыртындағы «Апорт», Алтын Орда базарларына қатысты түсінік берді.

Бұл сауда орындары облысқа жатады. Дегенмен қала тұрғындары осында ағылуда. Қазір қаланың санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау қызметкерлері Алматы облысындағы әріптестерімен келіссөз жүргізуде. Оның үстінде кеше Үкімет отырысында да бұл мәселе талқыланды, - деді Сағынтаев.

Өзгелердің жаңалығы