Сағынтаев субұрқақта тоқ соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді

21 Маусым 2021, 10:10
1842
Бөлісу:
Сағынтаев субұрқақта тоқ соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев субұрқақта адамдарды тоқ соғу оқиғасына қатысты пікірін білдірді.

Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін,- деп жазды ол Тwitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.


Өзгелердің жаңалығы