Самат Мұсабаев: Мемлекет пен бизнес бірігуі керек

15 Сәуір 2021, 12:35
4990
Бөлісу:
Самат Мұсабаев: Мемлекет пен бизнес бірігуі керек
EX VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаев BAQ.KZ студиясында бірқатар сауалға жауап берді.

Ұзақ жылдар құрылыс саласында жемісті жұмыс істеген депутат еліміздегі құрылыс саласының мәселелері мен оны шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар Самат Базарбайұлы қазіргі қазақ қоғамында талқыланып жатқан түрлі әлеуметтік мәселелерге де өзінің азаматтық көзқарасын білдірді.

Халықты баспанамен қамтамасыз етудің тиімді алгоритмін ұсына алар едім. Мысалы, мемлекет құрылыс компанияларына жер берсін және сол жерге инфрақұрылымын тартып берсін. Оның есесіне құрылыс компаниялары салған пәтерінің белгілі бір пайызын әкімдікке берсін. Әкімдік ол пәтерді кезекте тұрған халыққа таратып береді. Бұл - менің арманым. Егер мүмкіндік болса, осы жобаны 5 жыл пилоттық жоба ретінде жасап көруге болар еді, – дейді депутат.

Бұдан бөлек, еліміздегі жер мәселесі, бейбіт шерулерді өз мүдделеріне пайдаланушылар және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында айтылған тиімділіктер жайлы сөз болды. Ол жайлы видеосұқбаттан толығырақ көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы