Сан-Паулудағы стадионда ашылған аурухана жабылды

30 Маусым 2020, 16:01
1526
Бөлісу:
Сан-Паулудағы стадионда ашылған аурухана жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Бразилияның Сан-Паулу қаласында сәуір айынан бері коронавируспен ауырғандарды қабылдап келген уақытша аурухана жабылды. Бұл туралы Синьху агенттігі хабарлады.

Стадион аумағында құрылған аурухана соңғы екі науқас жазылып шығысымен жұмысын тоқтатқан. Мұндай шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты қабылданыпты.

Уақытша құрылған аурухана 200 адамға арналған, вирус тарағалы бері бұл жерде 1500 жуық науқас емделген. Ондағы медициналық жабдықтар қаланың сол аудандағы үш ауруханасына бөлініп берілмек.

Індет тарағалы бері Бразилияда 1,37 млн адам вирус жұқтырған, оның 734 мыңы жазылған. Қайтыс болғандар саны 58 385 адам.

Өзгелердің жаңалығы