Бас жаңалықтар
Сарапшы: Коронавируспен күрес халықтың үкіметке деген сенімі азайғанын көрсетті
10 Шілде 2020, 20:12 280

Сарапшы: Коронавируспен күрес халықтың үкіметке деген сенімі азайғанын көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ  тілшісі. Мемлекет басшысының үкіметтің бірлескен отырысында айтқан ойларына қатысты ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Сабина Садиева өз пікірін білдірді.

Коронавирус пандемиясымен күрестің жарты жылынан кейін сарапшылар алғашқы қорытындыларын шығара бастады – кім, қай мемлекет және қай ұлт COVID-19 қатерін жеңіп шыға алды. Сонда алғашқы қорытындылар мынадай: "типтік емес пневмония" эпидемиясын өткерген елдердің тәжірибесі коронавируспен күрестегі жетістіктің маңыздылығы жағынан бірінші факторы болды (SARS, 2003 жыл, инфекцияның таралуы бойынша бақылау шараларымен тоқтатылды). Ал жетістіктің маңыздылығы жағынан екінші фактор – сенім. Пандемия жағдайында вирустың таралуына тосқауыл қоюдың жетістігі тікелей мемлекеттік бақылау инструменттерінен емес, азаматтардың ерікті қатысуына тәуелді. Ал азаматтардың қатысуы олардың мемлекетке, мемлекеттік органдарға сеніміне негізделеді. Біздің сарапшылар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар қоғамдағы сенімнің жеткілікті жоғары деңгейде емес екенін бұрыннан айтып келеді – ол дараланған, халық жақын отбасылық айналасынан басқа ешкімге дерлік сенбейді (Бүкіләлемдік құндылықтар шолуының мәліметтері). Егер әдеттегі жағдайда бұл өте теорияландырылған қорытынды сияқты естілсе, онда пандемияның жарты жылында сенімсіздіктің "қолданбалы" сипатын бәріміз сезіндік – үрей туғызу және жоғары деңгейдегі белгісіздік, инфодемия, мемлекет пен азаматтардың әрекеттерінің келісілмеуі - дейді сарапшы. 
Оның ойынша, өкінішке қарай мемлекеттік секторға сенім деңгейі шешуші көрсеткіш емес. Ол орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында, өңірлерді дамыту бағдарламаларында жоқ. Ал бүкіл әлемде мемлекетке деген сенім төменнен жоғарыға – жергілікті басқарудан орталыққа қарай қалыптасады. Сондықтан халықтың ең алдымен қала, елді мекендер, аймақтар әкімдеріне деген сенімін арттыру міндеті COVID-19-ға қарсы күрес стратегиясының бір бөлшегіне айналуы қажет - дейді Сабина Садиева.
 
Себебі сенім қоғамның мінез-құлықтық ұстанымына байланысты кез келген мемлекеттік саясат үшін өте маңызды.
Ашық мемлекет саясаты осыдан былай бір-екі орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық міндеті болып қалмауы керек. Сенім көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау, өңірлік саясат жүйесіне енуі қажет, мемлекеттік сектордағы кадрлық шешімдер үшін негізге айналуы тиіс. Бюджеттің мәліметтерін, есептерін және ашықтығын жариялау туралы алғашқы кешенді саясат 2015 жылы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде енгізілген болатын. Қазір оларды қайта бағалау, қатаңдату және жетілдіру уақыты келді. Бүгінде халықтың мемлекеттік жүйелерге, қызмет көрсету сервистері мен провайдрлеріне, сондай-ақ жеке адамдарға деген сенім деңгейін анықтау бойынша жүйелі зерттеулер өткізу қажет - дейді сарапшы.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...