Бас жаңалықтар
Сарапшы QazVac вакцинасын өндіру технологиясы туралы айтып берді
22 Сәуiр 2021, 16:36 587

Сарапшы QazVac вакцинасын өндіру технологиясы туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Спутник V» және QazVac: COVID-19-ға қарсы вакциналардың сапасы» тақырыбында өткен онлайн лекторий кезінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, ДЗМБСҰО сарапшысы, ДСМ халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссияның мүшесі Жаннат Сатыбалдиева айтты.

QazVac вакцинасының белгілі бір технологиялық платформасы бар. Бұл классикалық технологиялық процедура, оның көмегімен коронавирустық инфекция қоздырғышының биологиялық массасы алынады. Вакцина белсенді емес, яғни химиялық әдістермен өлтіріліп, содан кейін хромотографиялық әдістермен байыпты бағаланады, – деді ол.

Спикер отандық вакцинаның қалай алынатынын айтып берді.

Биологиялық масса осы вирустар өсірілетін ортаның қалдықтарынан босатылады, содан кейін дозалар өңделеді де бірқатар процедура жасалып, вакцина алынады, - деді Жаннат Сатыбалдиева.

Бұған дейін ғалым «Спутник V» вакцинасын жасау технологиясы туралы айтып берген болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...