Бас жаңалықтар
Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылуының себебі айтылды
05 Наурыз 2021, 18:15 607

Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылуының себебі айтылды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов қызметінен кеткен болатын. Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Кейбір БАҚ мен әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Өрт салдарынан шаһарда 5 бала көз жұмған болатын. Бұл екі оқиға бір-бірімен мүлде байланыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметтен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз,- делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...