«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

19 Қыркүйек 2020, 18:11
2738
Бөлісу:
«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында екі күнге созылған облыстық «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы» өз мәресіне жетті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстың 16 аудан-қаласынан жиналған 14 пен 28 жас аралығындағы дарынды жастар сынға түсіп, үздіктері анықталды. Бұл игі шараны облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырып отыр. 

«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

Аталмыш байқауға қатысушылар «Жас қолөнер шебері», «Жас көркемсөз оқу шебері», «Жас мүсінші», «Жас әнші», «Жас дизайнер», «Жас айтыскер ақын»,  «Жас ғалым», «Жас спортшы» сынды 8 номинация бойынша өзара сайысқа түсті. Оның ішінде «Жас көркемсөз оқу шебері», «Жас әнші» және «Жас айтыскер ақын» номинациялары бойынша сайыстар офлайн, қалғандары онлайн түрде  өткізілді. 

«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

Жобаның мақсаты – облысымыздағы шығармашылыққа қабілетті, талантты жастарды анықтау және оларды ынталандыру, жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту. 

«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

Әділ-қазылардың айтуынша, онлайн форматтағы байқаулар қатысушыларды әділ бағалау мен оларды мұқият саралауға мүмкіндік берген.⠀

«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде Nur Otan партиясы Түркістан облысы филиалының бірінші хатшысы Бейсен Тәжібаев қазіргі жастардың бастамашылдығы мен белсенділігіне ризашылығын білдірді.⠀⠀

Түркiстан топырағы еш уақытта дарынды тұлғалардан кенде болған емес. Сондай ұлдардың бiрi – Саттар Ерубаев екені сөзсіз.  Ол өзінің небәрі 23 жыл жасаған қысқа ғұмырында қазақ халқына, соның ішінде жастарға рухани азық, күш беретiн еңбек қалдыра білген тұлға. Соның ішінде «Менiң құрдастарым» романы әдебиетсүйер қауымның iздеп жүрiп оқитын туындысына айналды. Осындай тұлғаның түбі бір  түркі жұртының төрі саналатын Түркiстанда туылғанын мақтан тұтуымыз керек, – деді Бейсен Тәжібаев.

Байқауға елімізге белгілі тұлғалар қазылық жасады. Атап айтқанда, айтыскер ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын, «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова, Түркістан қалалық өнер мектебінің директоры, ақын Тұрар Тілеулиев, филология ғылымдарының кандидаты, ОҚМПУ филология факультетінің деканы Нариман Нүрпейісов, журналист, ғалым, композитор Бекжігіт Сердәлі және қолөнер шебері, мүсінші Пахриддин Садықов, халықаралық бапкер, күрес түрлерінен спорт шебері Марат Файзиев және мемлекеттік басқару академиясының филиалының директоры Жанат Момынқұлов сынды белгілі азаматтар төрағалық етіп, барлық жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. 

«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауының» үздіктері анықталды

Байқауды ұйымдастыруға ұйытқы болған Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша, мұндай байқаулар жастардың шығармашылық қабілетін оятуға жол ашады және талантты жастарды анықтауға көп септігін тигізеді.  

Өзгелердің жаңалығы