Сауалнама: Халық коронавирусқа қарсы вакцина жайлы біле ме?

23 Ақпан 2021, 16:42
1965
Бөлісу:
Сауалнама: Халық коронавирусқа қарсы вакцина жайлы біле ме?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы медицина қызметкерлерін вакцинациялау басталғаны белгілі. Вакцинациялау әзірге жедел жәрдем, бастапқы медико-сантарлық көмек, инфекциялық стационарлар, реанимация бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық және экспертиза орталықтары, қалалық стационарлар қызметкерлері арасында жүргізіліп жатыр. Бұл туралы халық не біледі? Қандай вакцинаны құп көреді? Осы жайлы Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында сауалнама жүргізген едік.

Премьер-министр Асқар Мамин кезекті жиналыстардың бірінде «бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – халықты жаппай вакцинациялауды ұйымдастыру» екенін айтқан еді. Әрине, қазіргі уақытта вакцинация коронавирустың алдын алатын жалғыз құрал болып отырғаны анық. Бірақ қарапайым халық үшін оның қыр-сыры әлі белгісіз. Халықтың бұл жайлы не ойлайтынын білу үшін төмендегі видеоға назар аударыңыз.


Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА

Өзгелердің жаңалығы