Бас жаңалықтар
Сауда министрлігі биржалық сауданың қалай өзгеретінін айтты
15 Сәуiр 2021, 22:07 195

Сауда министрлігі биржалық сауданың қалай өзгеретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Кейбір заңнамалық актілерге биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын әзірледі.

Сауда және интеграция министрлігінің Биржалық сауда басқармасының басшысы Мақсат Тұрсынбеков түсіндіргендей, Заң жобасы негізгі үш бағыт бойынша биржаларды дамытуды көздейді:

- Біріншіден, тауар биржаларының ашықтығына қойылатын талаптар артуда. Екіншіден, жағдайды өзгертуге және шын мәнінде бәсекелестік орта мен биржалық сауданы дамыту үшін жаңа жағдайлар жасауға елеулі әрекет жасалды. Үшіншіден, биржалық сауда көлемін ұлғайту міндеті қойылып отыр. Егер толығырақ айтатын болсақ бірінші бағыт бойынша мынадай іс-шараларды білдіреді, - деп толықтырды М. Тұрсынбеков, 

- жарғылық капиталды ұлғайту;

- биржалық сауданың бірыңғай қағидаларын бекіту;

- тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін енгізу;

- тауар биржалары мен биржалық саудаға қатысушылардың қаржылық тұрақтылығы бойынша талаптарды белгілеу.

- Екінші бағыт аясында бірқатар шаралар қарастырылған. Бұл, мысалы, биржалық брокерлер мен тауар дилерлері үшін олардың бірнеше тауар биржаларына қатысуына тыйым салуды бір мезгілде алып тастай отырып, бірыңғай аккредиттеу айқындалатын болады. Сондай-ақ клиенттердің делдалдарсыз бір реттік келушілер ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға қолжетімділігі көзделген. Тауарлар мен сауда-саттықты секциялар бойынша бөлу ескеріледі. Бұдан басқа, уәкілетті органға бір сауда сессиясында лоттың ең жоғары мөлшерін белгілеу бойынша өкілеттіктер берілетін болады, - деді сауда министрлігінің өкілі.

Үшінші бағыт, сондай-ақ СИМ түсіндіріп өтті, секция түріне және жасалған мәмілелер көлеміне байланысты сараланған мөлшерлемелер орнатуға мүмкіндік береді және биржада мәмілелерді жасасуды да, шарттарды орындауды да сақтандыру құралы енгізіледі.

Заңнамаға осы толықтырулардың барлығын енгізу, деп санайды СИМ Ішкі сауда департаменті - бұл жобаны жасайтын құрылым, қолжетімді етеді және биржалық сауданың көлемін арттырады. Маңызды артықшылықтар ішінде - "табиғи" бағаларды белгілеу және жаңа серіктестерді тарту үшін мүмкіндік жасалатын болады, бұл, сөзсіз, бәсекелестік деңгейінің өсуіне әсер етеді. Тұрақты биржалық саланы қалыптастыру үшін маңызды дәлелдердің бірі - биржалық мәмілелердің ашықтығы, бұл жобада да ескерілген.

Рәсімдік сәттерге келетін болсақ, 2021 жылғы 27 ақпанда мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген Заң жобасы ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді, ал 2021 жылғы 17 наурызда ПМК жобаны Президент Әкімшілігіне жіберді. Бұдан әрі, заңнамалық ережелерге сәйкес, Заң жобасы ҚР Парламентіне енгізілетін болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...