Бас жаңалықтар
Сексуалды зорлық көрсеткішінен Қазақстан ТМД көлемінде 1-орында тұр
10 Желтоқсан 2019, 11:15 1295

Сексуалды зорлық көрсеткішінен Қазақстан ТМД көлемінде 1-орында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Қазақстанда 4 жыл 9 айда  жыныстық зорлық бойынша елімізде 12446 факт тіркеліп, 4403 іс сотқа жеткен.

Бұл туралы бүгін "Еркіндік қанаты" қоғамдық қорының атқарушы директоры Елена Швецова айтты. Маман мұндай деректі  Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігі және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Құқық қорғаушылардың жаңа буыны коалициясының 2019 жылдағы Қазақстанда адам құқығының қорғалу жағдайына шолу барысында мәлімдеді. Айтуынша, қазақстандық әйелдер әлі "Ұят боладыдан" әрі кете алмай отыр. 
Негізінде бұл деректер барлығына белгілі. Factcheking.kz биыл сараптама жүргізіп, ТМД елдерінің ішінде Қазақстан жыныстық зорлық бойынша бірінші орында тұрғанын анықтады. 4 жыл 9 айда 12246 жағдай тіркеліп, оның 4403 іс сотқа дейін жеткен. Яғни, істің үштен бір бөлігі сотқа барған. Адамдар құқығы жөнінде елімізге берген ұсыныстардың ішінде тұрмыстық зорлықты жою бойынша заңнамалық деңгейде жұмыс істеу керек деген болды. Бүгінгі заңнама әйелдерді толық қорғай алмайды. Мәселелер көп. Көбіне әйелдер көмек сұрап баратын орын жоқ. Мен бұл саланың маманы емеспін. Бірақ жалпы мәлімет жинағанда нақты  фактілерді көрдім. Себебі ауылда тұрмыстық зорлық құрбаны болатын әйелдер "Ұят боладымен" жауып қояды. Егер полицияға жүгінсе, еркекті 10 күнге қамайды,  содан кейін ол тағы ашуланып, зорлығын асырып жасайды. Бірақ көбіне әйелдер сотқа дейін бармайды. Осы "ұят боладымен" жауып  тастауға тырысады да, мәселе ушыға береді. Бұдан бөлек адам құқықтарын қорғауда мәселелер көп. Журналистердің еркіндігі, қоғам қайраткерлерінің белсенділігі, интернеттің ашықтығы секілді шектеулер бар, - деді Елена Швецова.
зинк.jpeg

Ал Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы  елшісінің орынбасары Нора Дессинг 1948 жылы адам құқықтары жөніндені конвенция алғаш пайда болғанын атап өтіп, бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, әлі күнге дейін түбегейлі шешілмегеніне қынжылатынын жеткізді.
Сол кезден бері осы күнге дейін аталған сұрақ ортақ бір мәміле таппағаны таңғалдырады. Осыншама жылдан кейін 2019 жылдың өзінде әлі де шешілмеген мәселелер жетерлік. Әрине, көптеген іс те жүзеге асырылды. Бүгін аталып отырған  Адам құқықтары күні баршамызға маңызды екенін айтқым келеді. Адам құқығының бұзылуы тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа мен АҚШ-та, өзге де елдерде кездесіп жатады. Жаңа Коалиция туралы айтатын болсақ, бұл мәселеге уақыт өте келе көптеген адам қызығушылық танытып келеді. Мәселен, Нидерландыда адам бостандығы мен құқығы маңызды мәселенің бірі. Біз осы тақырыптағы жобаларды әлем бойынша қолдауға тырысамыз. Әрине, Қазақстан да шетте қалмақ емес, - деді Нора Дессинг.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...