Семей көшелерінде «ақылды орындықтар» пайда болды

17 Қазан 2020, 23:35
2651
Бөлісу:
Семей көшелерінде «ақылды орындықтар» пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақылды орындықтар» жыл, ай, күнді көрсетіп қана қоймай, ауа райы температурасын өлшеп, ұялы телефонды қуаттай алады. Бұл туралы Семей ақпарат орталығы хабарлады.

Бұл орындық – қаланың көркеюіне арналған жобаның кіріспесі, яғни бастапқы нұсқасы. Оны 14 қазан күні орнаттық, - дейді қалалық тұрғын үй-шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова.

Семей ақпарат орталығының мәліметінше, бұл орындықтар «Семей жасыл Құрылыс» компаниясының демеушілік қаржысына қойылған. Әзірге ғажайып орындықтың біреуін ғана орнатқан.

Алдағы уақытта тұрғындардың көңілінен шығып, сұраныс болып жатса қала көшелерінде, алаң-саябақтарда да пайда болады.



Өзгелердің жаңалығы