Сенатор мұғалімнің құрметіне орай мектепке атын беруді ұсынды

25 Ақпан 2021, 12:07
3097
Бөлісу:
Сенатор мұғалімнің құрметіне орай мектепке атын беруді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутат сенатор Динар Нөкетаева ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері Рафика Нұртазинаның құрметіне орай Алматы мектептерінің бірін атауды ұсынды.

Еліміздегі білім беру саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан педагог, социалистік Еңбек Ері, ҚР еңбек сіңірген ұстаз – Рафика Бекенқызы Нұртазина жайында. Рафиқа Бекенқызы саналы ғұмырын ұстаз деген ұлағатты ұғымның мәртебесін көтеруге, білім беру бағдарламаларын үнемі жетілдіріп, жаңа әдістемелер әзірлеуге және қазақ тілін үйретуді насихаттауға арнады, - деп айтты ол.

Депутаттың сөзінше, бүгінде ол кісінің оқушыларының саны ондаған мыңға жетеді. Олар тек еліміздің өсіп-өркендеуіне ғана емес, елімізден тыс жерлерде де табысты еңбек етіп жатыр. Олардың қатарында танымал адамдар да аз емес.

Рафика Нұртазина тек мұғалім ғана емес, аса көрнекті ғалым, зерттеуші, новатор ретінде танылып, педагогика ғылымдарының кандидаты болды. Сондай-ақ 300-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстың, оның ішінде орта мектепке арналған 15 оқулық пен оқу құралдарының және мектепке дейінгі балаларға арналған 10 кітаптың авторы, - дейді Нөкетаева депутаттық сауалында.

Елімізде «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы ұстаздарға деген ерекше құрмет. Өйткені ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Депутат қадірлі ұстаз Рафика Бекенқызының биыл 100 жылдығын атап өткенін айтты.

Ол Рафиқа Нұртазинаның 100 жылдың мерейтойына орай есімін жас ұрпақ жадында қалдыру және ұстаз мәртесебін ұлықтау мақсатында Алматы мектептерінің біріне есімін беруді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы