Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

29 Қыркүйек 2020, 07:01
1254
Бөлісу:
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 қыркүйек күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады. 

Синоптиктердің болжауынша, Республиканың солтүстік, шығыс және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде күн ашық болады. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. 

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. 

Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. 

Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді. 

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 29-30 қыркүйек күндері еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы