"Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасы жарияланды

5 Тамыз 2020, 09:39
1608
Бөлісу:
"Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 тамыз - Қазақстанның Халық әртісі, белгілі сазгер, "Қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

 "Қазақстан" телерадиокорпорациясы композитордың 90 жылдық мерейтойына орай, әлеуметтік желіде "Шәмшінің әнін шырқа!" әуендер жобасын жариялайды.

Жобаға қатысу үшін сазгердің өзіңіз сүйіп тыңдайтын әнін орындап, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялаңыз. Жарияланымға #Шәмші90жас хештегін қойып, @qazaqstantv парақшасын белгілеу қажет.
 
Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды. 
 
Қосымша талаптар: 

- Әнді толық орындау;

- Ұялы телефонды көлденең (горозонталды) түрде қойып түсіру;
 
Ең сәтті шыққан түсірілімдерден бейнебаян әзірленіп, "Qazaqstan" және "Abai" телеарналарының эфирінен көрсетіледі. 
Өзгелердің жаңалығы