ШҚО-да 10 мыңнан астам жолаушыға санитарлық бақылау жүргізілді

22 Наурыз 2020, 18:25
1925
Бөлісу:
ШҚО-да 10 мыңнан астам жолаушыға санитарлық бақылау жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірге карантинге жабылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан қатынайтын көлік құралдары тексеріліп, он мыңнан астам жолаушының жағдайы бақыланды.

Бұл туралы бүгін облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.


Ағымдағы жылдың 19-22 наурыз аралығында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының күшімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келген автобус, ұшақ, теміржол және басқа да көліктердің жолаушы түсіретін пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілді. Бақылау қорытындысы бойынша облыс аумағына келген 10416 жолаушыға сауалнама жүргізіліп, 185 көлік құралы тексерілді, - дейді департамент басшысының орынбасары Марат Исмаилов.
Жалпы, аталған төрт күнде жүргізілген санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары аясында Нұр-Сұлтан қаласынан келген - 3942, Алматы қаласынан келген - 5117 жолаушы сауалнамамен қамтылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік шекарада Ресей Федерациясымен 5 автокөлік өткізу пункттерінде және ҚХР-мен 2 өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.


Бақылау қорытындысы бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар адамдар анықталған жоқ, - деп қосты Марат Әділжанұлы.

Өзгелердің жаңалығы