Бас жаңалықтар
ШҚО-да 400-ден астам нысан тексерілді
22 Мамыр 2020, 19:52 296

ШҚО-да 400-ден астам нысан тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайдан кейін ШҚО-да жұмыстары қайта жанданған кәсіпкерлік объектілерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қаншалықты сақталған? Карантин режимі толық алынбайынша өңірдегі рейд жұмыстары жалғаса бермек. 

Облыстағы 19 қала мен аудан бойынша 24 мобильдік топ жұмыс істейді, олардың құрамына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармалары, жергілікті атқарушы органдардың мамандары, БАҚ өкілдері, "Нұр Отан" партиясы және қалалық және аудандық мәслихат депутаттары кірді.

2020 жылғы 18-19 мамыр күндері жүргізілген рейд барысында 491 нысан қамтылды. Олар: 143 азық-түлік емес дүкені, 209 азық-түлік дүкені, 44 сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық кешендері, 19 шаштараз, 8 дәріхана, 7 базар, 44 кафе, 4 банк, 1 мектеп, 1 киоск.

Нәтижесінде 74 нысанда бұзушылықтар анықталды. 30 нысанда санитарлық-дезинфекциялық тәртіп (санитайзерлердің, дезқұралдардың, дезовриктердің болмауы) сақталмаған. 12 нысанда келушілер арасында әлеуметтік қашықтық сақталмаған. 59 нысанда маскалық режим бұзылған және ЖҚҚ жоқ. 2 нысанда тамақ өнімдерін буып-түйілмеген күйінде сақталған.

Рейд барысында 108 бұзушылық анықталып, 5 қоғамдық тамақтану нысаны жабылды.

Қазіргі уақытта мобильді топ жұмысын жалғастыруда.


Фото: дереккөз
Загрузка...